WhatsApp Image 2026-04-14 at 18.31.36

📢 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2026 жылдың 26 наурыз күні білім беру ұйымында кезекті педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.

Кеңестің күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
🔹 III оқу тоқсанының қорытындысы (ББЖМ, PISA, ҰБТ дайындық деңгейлері)
🔹 «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне үміткерлерді ұсыну

Практикалық бөлімде педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті тақырыптарды талқылады:
🔸 “ТЖБ нәтижелерін талдау, жетістік пен олқылықтарды анықтау жолдары” – бастауыш сынып мұғалімдері А. Кенжеева, М. Шаутыкова
🔸 «Элективті курсты дайындау тәсілі» – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Исаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Амангелдиева
🔸 «ҚМЖ құрылымы» – математика пәні мұғалімі Р. Серік
🔸 «Авторлық бағдарлама» – ДБЖО Р. Көсемова

Кеңес барысында ұсынылған баяндамалар мен тәжірибелер педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі талдауға және оқу үдерісін жетілдіруге бағытталды.

✅ Педагогикалық кеңес нәтижесінде нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *