📢 АҚПАРАТТЫҚ ПОСТ
Мектебімізде ата-аналар жиналысы барысында 2026 жылғы наурыз айындағы ҰБТ қорытындылары жан-жақты талқыланды. Жиналыста білім алушылардың оқу жетістіктері сараланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды.
Мектеп директоры Р. Абдикерова 2026 жылға арналған нысаналы (мақсатты) гранттар бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ата-аналарға кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, ерекшеліктерін талапкерлер үшін маңызды бағыттарды атап өтті. Биылғы гранттар келесі білім беру салалары бойынша бөлінген:
🔹 Педагогикалық ғылымдар – 550 грант
🔹 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 175 грант
🔹 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 775 грант
🔹 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 1000 грант
🔹 Барлығы: 2500 грант
📌 Жиналыс барысында мамыр–шілде айларында өтетін негізгі ҰБТ-ға дайындықты күшейту қажеттілігі ерекше атап өтілді. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі дайындық, қосымша сабақтар және жеке жұмыс жоспарлары ұйымдастырылатын болады.
🤝 Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – оқушы жетістігінің басты кепілі!
#ҰБТ2026 #АтаАнаЖиналысы #БілімСапасы #Грант2026