Снимок экрана_13-2-2026_17452_kekilbaev.edu.kz

📚 «ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ» – кәсіби дамудың тиімді алаңы

2026 жылғы 21 қаңтар күні “Ә. Кекілбайұлы атындағы ЖББМ”КММ-де педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді зерделеу мақсатында жас мамандарға «Шеберлік мектебі» атты әдістемелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын айқындау, пәндер арасындағы кіріктіруді күшейту және педагогтердің тәжірибелік әлеуетін арттыру болды.
Іс-шара барысында әртүрлі пән салалары бойынша өз ісінің шебері саналатын педагогтер тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру талаптарына сай тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.
Шара барысында төмендегі өзекті тақырыптар кеңінен қарастырылды:

🔹 Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы гуманитарлық пәндердің рөлі.
Баяндамасында гуманитарлық пәндер арқылы оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау, сыни ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту жолдары ғылыми-әдістемелік тұрғыда талданды.

🔹 Қосымбай Алтын Жауынқызы
Есеп шығару барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.
Практикалық бағыттағы тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімді өмірлік жағдаяттармен ұштастыру тәсілдері ұсынылды.

🔹 Алмағанбетова Зинагүл Қойшыбайқызы
Мектепалды даярлық сыныбын оқытуда ойын технологияларын тиімді қолдану.
Ойын технологияларының бала дамуына әсері, оқу мотивациясын арттырудағы маңызы нақты тәжірибелер арқылы көрсетілді.

🔹 Кеңганов Руслан Балтабекұлы
Гуманитарлық пәндер сабақтарында жасанды интеллект платформаларын қолдану
– цифрлық технологиялардың оқу үдерісіндегі рөлі, ЖИ құралдарының оқушы белсенділігі мен танымдық қабілетіне әсері ғылыми тұрғыда талданды.

🔹 Бисенғали Тілеген Қаршығаұлы
Дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер
– оқушылардың физикалық дамуын арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәсілдер мен мотивациялық әдістер ұсынылды.

🔹 Кенжеева Ақмарал Сайлауқызы
Математикалық сауаттылықтың бастауыш сыныптарда маңызы
– функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылды.

🔹 Сұлтанбекқызы Гүлжан
Қарапайым биологиялық тәжірибелер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
– тәжірибелік жұмыстардың оқушының зерттеушілік дағдысын дамытудағы маңызы дәлелденді.

🔹 Серік Рабиға Серікқызы
Оқушы қателігін оқыту құралына айналдыру
– қателікті түзету емес, оны талдау арқылы оқыту әдістемесінің тиімділігі туралы түсіндірді.

🔹 Көсемова Райгүл Көсемқызы
Әдістемелік құрал – мұғалімнің кәсіби дамуының кепілі
– үздіксіз кәсіби дамуда әдістемелік қолдаудың маңызы ғылыми тұрғыда негізделді.

Дөңгелек үстел педагогтер арасында мазмұнды пікір алмасуға, кәсіби рефлексия жасауға және тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік берді. Мұндай шеберлік алаңдары білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды кәсіби платформа болып табылады.

«Шеберлік мектебі» – білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі әдістемелік жұмыс формасы ретінде өз маңызын көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *