📚 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП – КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ӨЗЕГІ
2026 жылғы 20 қаңтар күні, сағат 16:00-де
«Ә. Кекілбайұлы атындағы ЖББМ» КММ-де педагогтерге арналған
«Педагогикалық әдеп: сөз, әрекет және жауапкершілік» тақырыбында әдістемелік-тәжірибелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби мәдениетін арттыру, педагогикалық әдеп нормаларын білім беру үдерісінде тиімді қолдану және мұғалімнің кәсіби жауапкершілігін нығайту.
Теориялық бөлімде А.С. Макаренконың педагогикалық көзқарастары негізінде мұғалім сөзінің, мінез-құлқы мен іс-әрекетінің тәрбиелік мәні ғылыми тұрғыда талданды.
Спикерлер Демесін Мәдина Көпболқызы және Ералиева Гүлдана Буркиталиевна педагогикалық әдептің мұғалім тұлғасын қалыптастырудағы рөліне тоқталып, тәжірибелік мысалдар келтірді.
🧩 Практикалық бөлімде қатысушылар екі топқа бөлініп, сілтеме арқылы ұсынылған видеороликтердің негізінде педагогикалық жағдайларды талдап, әдеп нормаларының сақталуы мен бұзылуына байланысты пікірталас жүргізді. Талқылау барысында мұғалімнің кәсіби этикасы, жауапкершілігі және оқушымен қарым-қатынас мәдениеті бойынша тұжырымдар жасалды.
🔗 Қолданылған видеоматериал сілтемелері:
✨ Қарапайым әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі.