📢
31.03.2026 жылы күні білім беру ұйымында 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау науқаны аясында ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды қабылдау тәртібімен, қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен жан-жақты таныстыру болды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес 1-сыныпқа қабылдау талаптары түсіндірілді.
