WhatsApp Image 2026-04-14 at 17.40.42

📌 Семинар аясындағы бірлескен ашық сабақ

26 ақпан күні «Еңбексүйгіштік құндылығын қалыптастыру: балабақша мен мектеп сабақтастығы» тақырыбындағы семинар шеңберінде тәлімгер З.Алмағанбетова мен тәлім алушы Г.Таймасова МАД сыныбында «Дыбыстық талдау» тақырыбында, сауат ашу пәнінен бірлескен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – тәрбиеленушілердің сөздегі дыбыстарды дұрыс ажырата білуін қалыптастыру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсіндіру, фонематикалық есту қабілетін дамыту және оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру болды.

Сабақ барысында балалар сөздерді буынға бөліп, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтады, дыбыстық талдау жасады, көрнекілік және ойын элементтері арқылы тапсырмаларды орындады. Тәлімгер мен жас маманның үйлесімді жұмысы, рөлдерді тиімді бөлуі және әдістемелік қолдауы сабақтың сапалы өтуіне ықпал етті.

Аталған сабақ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың нақты көрінісі болып, балалардың оқу дағдыларын қалыптастыруда жүйелі жұмыстың маңызын көрсетті.

Осындай бірлескен тәжірибе алмасу жас маманның кәсіби дамуына және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға оң әсер етеді

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *