Снимок экрана_13-2-2026_172536_kekilbaev.edu.kz

📌 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРА (конкурс)

Жаратылыстану пәндер апталығы аясында «Олқылықтың орнын толтырудағы педагогикалық идеялар және тиімді ҚМЖ құрастыру» тақырыбында пед идея бекітілген ереже талаптарына сәйкес өткізілді.

Конкурс мақсаты – білім алушылардың оқу олқылықтарын диагностикалау, олардың себептерін анықтау және пәндік ерекшелікке сай түзетуге бағытталған тиімді педагогикалық идеяларды ұсыну, сондай-ақ №130 бұйрық талаптарына сай сапалы қысқа мерзімді жоспар құрастыру дағдыларын жетілдіру болды.

Конкурс барысында қатысушылар:
– пәні бойынша оқу олқылықтарын айқындады;
– оны жоюға бағытталған педагогикалық идея (Ped Idea) әзірледі;
– идеяны ҚМЖ, әдістемелік модель немесе практикалық тәсіл түрінде ұсынды;
– ұсынылған жұмыстар белгіленген бағалау критерийлері негізінде сарапталды;
-сонымен қатар ҚМЖ және ПББ бойынша тест тапсырды.

Ұсынылған педагогикалық идеялар ғылыми-әдістемелік негізділігі, практикалық маңыздылығы және күтілетін нәтижелері бойынша бағаланып, үздік жұмыстар мектептің әдістемелік қорына енгізу және тарату үшін ұсынылды.

Аталған конкурс педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және оқу сапасын жүйелі түрде жақсартуға бағытталды.
Конкурс нәтижесінде педагогтер “Бас жүлде”, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және номинациялармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *