30.01.2026 күні Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Әжелер мектебінің” жұмыс жоспары бойынша “Салт-дәстүр-асыл қазына” тақырыбында тұсаукесер, бесікке салу рәсімдері көрсетілді. Мақсаты: Оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу. Әжелердің өмірлік тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесін насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасылық тәрбие мен ұлттық рухты қалыптастыру.