Жақында мектебімізде 9–11-сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасындағы тыныштық – қоғамдағы тұрақтылық» атты мазмұнды сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, отбасындағы татулық пен өзара сыйластықтың бүкіл қоғамның
тұрақтылығына әсер ететінін ұғындыру болды. Сонымен қатар жасөспірімдер бойында жауапкершілік, мейірімділік, түсіністік, құрмет секілді адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жанжалдың алдын алу мәдениетін дамыту және тату-тәтті отбасы моделін насихаттау да сабақтың басты міндеттерінің бірі болды.
Сынып сағатын Ералиева Гүлдана мен Амангелдиева Ақтеңге жүргізіп, оқушыларға отбасылық құндылықтар жөнінде маңызды ақпараттар берді. Сабақ барысында ұстаздар қоғамның беріктігі мен дамуы отбасыдан басталатынын, отбасының-әрбір адамның алғашқы тәрбиесін беретін,мінез-құлқын қалыптастыратын, адамгершілік құндылықтарды дарытатын ең маңызды орта екенін жан-жақты түсіндірді.
Оқушыларға отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен тыныштықтың жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығына ықпал ететіні туралы тұшымды ойлар айтылды. Әсіресе жас ұрпаққа отбасының қадірін түсіндіру, оның қоғамдағы орнын анық ұғындыру-қазіргі заманның өзекті міндеттерінің бірі екені ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы ұғымының мән-маңызы туралы пікір алмасып, отбасы татулығын сақтау жолдары жайында ой бөлісті. Бұл сынып сағаттары мектеп оқушыларына тәрбиелік мәні зор түсініктер беріп, олардың адамгершілік көзқарасын кеңейте түсті.
Қорыта айтқанда, «Отбасындағы тыныштық – қоғамдағы тұрақтылық» атты сынып сағаты оқушылардың отбасы құндылықтарына деген көзқарасын нығайтып, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың бастауын туған отбасынан іздеу керектігін терең түсіндірген маңызды шара болды.

