«Үздік психолог» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы- өз кәсібіне адал, білім беру саласына елеулі үлес қосқан жаңашыл психолог Төралиева Айнұр атанды. Ол оқушылардың жеке қабілетін ашуға бағытталған заманауи әдістемелерді тиімді қолдануымен, үлгілі еңбегімен және жоғары кәсіби шеберлігімен мектебімізде көзге түсті. Облыстық кезеңнің байқау барысында педагог пәндік құзыреттілігін, шығармашылық әлеуетін, инновациялық тәжірибесін, сондай-ақ цифрлық білім беру технологияларын меңгеру деңгейін жоғары деңгейде көрсетті. Ереже бойынша өзін таныстыру презентациясы, авторлық әдістемесі, «Мен және менің мамандығым» тақырыбындағы эссесі қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Жас маманның бұдан әрі де кәсіби құзыреттілігі шыңдалып, білім беру саласындағы маңызды миссиясын абыроймен жалғастыра беретініне сенеміз. Айнұрға шығармашылық толағай табыс тілейміз!