«Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ — де тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету бағытында бақылау жүргізілді.
Мектеп асханасы санитарлық ережелер мен талаптарға сай жабдықтармен жабдықталған. Арнайы тамақ сапасын тексеру комиссия мүшелері бақылау жүргізіп тұрады. Қазіргі уақытта мектебімізде 1-11 сыныптар арасында 241 оқушы білім алуда.
Оның ішінде бір реттік ыстық тамақпен 1-11 сыныптардың әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының 26 оқушысы.1-4 сынып бойынша 89 оқушысы барлығы 115 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектеп асханасында тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы күнделікті бақыланып отырады.
Ас мәзірімен асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы, шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың сапасын бақылайтын бракераждық журналдың уақытында толтырылуын, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігі қаралады.
