1 қыркүйек-алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін ерекше мереке. Еліміздің түкпір-түкпірінде де Білім күнін асыға күткен барша оқушы алтын ұя мектебімен, сүйікті ұстазымен қайта қауышты. Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде де алғашқы қоңырау соғылды. Сөйтіп, 2025-2026 оқу жылының жаңа парағы ашылды.
Дәл осы күні мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бен оқушыларымызды жаңа оқу жылы жаңа белестер мен жетістіктерге жетелесін! Балаларымызды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға биылғы жыл толағай табыстарға толы болсын!