📚✨ Тағылымы мол кездесу кеші ✨📚
Ә.Кекілбайұлы атындағы ЖББМ кітапханасы мен Оңды ауылдық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Берекелі Наурыз: “Дастархан дәстүрі мен әжемнің асыл ертегісі”» атты ақ жаулықты аналар, ардақты әжелер және жас оқырмандармен тағылымды кездесу кеші өткізілді.
Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақы дастарханның қадір-қасиетін таныту, әжелер өнегесі арқылы өскелең ұрпақтың бойына ізгілік пен имандылық дәнін себу болды.
Кездесу барысында ақ жаулықты аналар қазақ халқының дастархан дәстүрі, ас беру мәдениеті, бата мен тілек айтудың мәні туралы тағылымды әңгімелер өрбітті. Ұлттық тағамдардың жасалу жолы мен тәрбиелік маңызы кеңінен насихатталды. Әжелердің жүрекжарды ақ батасы мен өмірден түйген өнегелі сөздері жас оқырмандарға ерекше әсер қалдырды.
✨ Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар – ұлттық рухымызды жаңғыртып, ұрпақ санасына салт-дәстүрімізді сіңірудің жарқын үлгісі.