«Шаршаудан шабытқа» терапиясы
Мектеп психологы Төрәлиева Айнұр мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Арыстанбай Ақтотының ұйымдастыруымен өткізілген «Шаршаудан шабытқа» терапиясының мақсаты – адамның физикалық және эмоционалдық шаршауын жеңіп, оны жаңа күшке, мотивацияға және шығармашылық шабытқа айналдыру.
Терапия барысында қатысушыларға:
•эмоционалдық күйді реттеу тәсілдері,
•күйзелістің алдын алу жолдары,
•ішкі ресурстарды анықтау және дамыту,
•жағымды ойлау дағдыларын қалыптастыру,
•шабыт пен өмірлік белсенділікті арттыру әдістері ұсынылды.
Бұл шара қатысушылардың өз-өзіне деген сенімін нығайтып, өмірге деген құлшынысын арттыруға бағытталды.