Мектебімізде 29.04.2025 ж серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу мақсатында “Оқу сауаттылығы-қазіргі заманғы маңызды компонент” тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: қатысушыларға оқу сауаттылығының мәнін, оның қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлін және заманауи оқыту әдістеріндегі қолданылу жолдарын түсіндіру. Семинарда мектеп психологы А.Төрәлиева, А.Бабасқызы “Планета Земля” ашық сабақ, А.Кенжеева “Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту” жарыс сабақ, А.Ізімтай “Цифрлық мәтін-сандық ойлау: оқу сауаттылығын АКТ арқылы дамыту” шебер сабақ,Ж.Кубентаева “Оқу сауаттылығын арттыру жолдары” атты коучинг өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.