WhatsApp Image 2026-02-19 at 15.42.38

Мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ерекше акция – Шын жүректен  кітап сыйла” акциясы  өтті! Бұл бастама оқуға деген қызығушылықты арттыру, білім мен шығармашылыққа шабыт беру мақсатында ұйымдастырылды.

Акция барысында оқушылар, ұстаздар бірігіп, мектеп кітапханасына  жаңа кітаптар сыйлады. Әрбір кітап – білімге, жаңа әлемдерді тануға, және жүрекке жылы сөздерге ашылатын терезе.

Бұл шара тек кітап тарату ғана емес, адамдар арасындағы жылы қарым-қатынасты, достықты және көмектесу мәдениетін нығайтуға арналған маңызды қадам болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *