12.02.2026 күні Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте “Ағалар мектебі” аясында “ Спорт-жігіт көркі” тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру және күш-жігерін шыңдау, батылдыққа, төзімділікке, ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.