Снимок экрана_13-2-2026_171352_kekilbaev.edu.kz

📌 «Сенім – серіктестік – нәтиже: ҰБТ кезеңіндегі тиімді қарым-қатынас»

29 қаңтар күні 11-сынып оқушылары мен пән мұғалімдерінің қатысуымен «Сенім – серіктестік – нәтиже: ҰБТ кезеңіндегі тиімді қарым-қатынас»тақырыбында психологиялық-тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты – ҰБТ-ға дайындық кезеңінде оқушы мен мұғалім арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, өзара түсіністік пен қолдауды арттыру.

Іс-шара барысында қатысушылар:
✔ Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық бағыттары қарастырылды.;
✔ тиімді қарым-қатынастың негізгі қағидаларын бірлесе талқылады;
✔ бір-біріне мотивациялық қолдау білдірді.

Тренинг нәтижесінде оқушылар мен мұғалімдер арасында серіктестікке негізделген жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, ҰБТ алдындағы эмоционалдық күйзелісті төмендетуге бағытталған ортақ ұстанымдар айқындалды.

📚 ҰБТ – тек білім сынағы емес, ол өзара сенім мен бірлікті талап ететін ортақ жауапкершілік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *