🤝 «Ата-ана мен мектеп: ашық диалог алаңы»
Бала тәрбиесі мен білім сапасын арттыру – тек мектептің ғана емес, ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі. Осы мақсатта қысқы каникулдық іс- шара аясында мектебімізде 6 қаңтар күні «Ата-ана мен мектеп: ашық диалог алаңы» тақырыбында мектепішілік ата-аналармен пікір алмасу өткізілді.
Мақсаты – ата-аналармен ашық әрі сенімді байланыс орнатып, оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру жолдарын бірлесе талқылау, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
📌 Жиын барысында келесі мәселелер кеңінен қарастырылды:
Оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгеріміне әсер ететін факторлар;
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар;
Баланың оқу мотивациясын арттырудағы ата-ананың рөлі;
Тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіздік мәселелері;
Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс пен кері байланысты жетілдіру жолдары.
Ата-аналар өз пікірлерін ашық айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Мұғалімдер тарапынан оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары туралы толық ақпарат беріліп, әрбір ата-ананың сұрағына нақты жауап ұсынылды.
🗣 Ашық диалог форматында өткен кездесу өзара түсіністікті арттырып, ортақ мақсатқа жету үшін бірлесе әрекет етудің маңыздылығын көрсетті. Кездесу ата-аналар мен педагогтер арасында сенімді қарым-қатынастың қалыптасуына оң ықпал етті.
✨ Қорытындылай келе, мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – баланың табысты болашағының берік негізі. Осындай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.