📌 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
📅 29 желтоқсан 2025 жыл
⏰ 10:30
📍 «Ә.Кекілбайұлы атындағы ЖББМ» КММ
«Білім сапасы және оған әсер етуші факторлар: жасанды интеллекттің тиімділігі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
🔹 Теориялық бөлімде:
І жартыжылдық бойынша білім сапасының салыстырмалы қорытындысы;
«Алтын белгі», «Үздік аттестат» үміткерлерінің талаптарға сәйкестігі;
ҰБТ, ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының мониторингі;
9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау ережелері;
Үйде оқитын оқушылардың оқу бағдарламаларының орындалуы;
Педагогтердің оқу-әдістемелік (авторлық) жұмыстары;
Тәлімгер мен тәлімалушы жұмысының жартыжылдық есебі;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.
🔹 Практикалық бөлімде педагогтер жасанды интеллект мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдану жолдарымен танысты:
Бақылау жұмыстарын алу барысында ЖИ пайдалану;
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызығушылығын ЖИ арқылы арттыру;
ЖИ көмегімен тиімді, сараланған тапсырмалар құрастыру;
ЖИ-ді сыныптан тыс іс-шараларда тиімді пайдалану.
🎯 Кеңес қорытындысы бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар қабылданып, жасанды интеллектті оқу үдерісіне жүйелі енгізу қажеттігі атап өтілді.