WhatsApp Image 2026-02-13 at 16.18.10 (1)
Қуанышты әрі тағылымды жаңалық!
Қоғам үшін маңызы зор, жүрекпен атқаратын игі істердің бірі- балаларға, әсіресе ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету. Осы орайда аудан орталығынан “Балалар инклюзивті академиясы” қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының ашылуы — үлкен қуаныш әрі маңызды қадам деп білеміз.
Бұл бастама инклюзивті білім беруді дамытуға, әр баланың қабілетін ашуға, қоғамда тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.
Академияның негізгі мақсаты — балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың әлеуітін арттырып, өзіне деген сенімін нығайту. Мұндай орталықтар мейірім мен кәсібилікті, жауапкершілік пен жанашырлықты талап ететін үлкен еңбек.
Осындай жауапты істі қолға алып, аудан көлемінде филиал ашуға бастамашы болған әріптесіміз Саржанова Күнімкүл Аманқосқызына зор ризашылығымызды білдіреміз.
Бұл — тек бір мекеменің ашылуы ғана емес, көптеген балалар мен ата- аналар үшін үміт пен қолдаудың, сенім мен болашаққа жол ашудың белгісі.
Әріптесімізге алдағы жұмысына табыс, бастамасына береке, ұжымына бірлік тілейміз.
Ізгі ниетпен әріптесіңіз Сүндет Әлия Хамидоллақызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *