Биылғы оқу жылында мектебіміз көптеген жетістіктермен есте қалуда. Соның жарқын дәлелі — «Алтын түлек» олимпиадасының облыстық кезеңінде біздің екі оқушымыз Рысты,Қоштай Арайлым 1-орынға ие болып, республикаға жолдама алды. Шамединов Салауат 3-орынға тұрақтады,облыстан бұл да керемет жетістік. Қосымбай Алтын мен Серік Рабиға сынды тәжірибелі мұғалімдердің шәкірттері өз білімдерін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. Жетекшілері де шәкірттерінің жетістігіне үлес қосты. Ұстаз бен оқушының бірлескен еңбегі, тынымсыз дайындық пен жауапкершілік-осы жеңістің айғағы. Олимпиада бірнеше бағыт бойынша өткізіліп, қатысушылардың терең білімін, логикалық ойлау қабілетін және тапсырмаларды орындау шеберлігін бағалады. Қатысушылар арасындағы бәсеке өте жоғары болғанымен, үздік дайындық пен табандылықтың арқасында оқушыларымыз барлық кезеңнен сенімді түрде өтіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Шәкірттерімізге республикалық кезеңінен сүрінбей өтулеріне тілектеспіз. Біз сендермен мақтанамыз, жарайсыңдар!