i (2)

📌 Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді

18.11.2025 ж. мектептің педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында төмендегі маңызды мәселелер қаралды:

1️⃣ Жаңадан келген мұғалімдер мен жас мамандарға қолайлы жағдай жасау
ДОІЖО А.Түзелбаева ұжымға бейімделу, кәсіби қолдау көрсету, тәлімгерлік жұмыстарды жүйелеу бойынша ұсыныстар айтты.

2️⃣ Педагогикалық әдепті сақтау мәселелері
Р.Серік мұғалімдердің қызметтік және қызметтік емес уақыттардағы этикалық нормаларды ұстану, педагог беделін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, топтық тапсырмалар берді.
🔹 Топтық жұмыс барысында мұғалімдер бірнеше топқа бөлініп, ұсынылған кейстерді талқылады. Әр топ педагогикалық әдепке қатысты туындайтын жағдаяттарды талдап, тиімді шешу жолдары бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ұжымдық талқылау тәжірибе алмасуға және ортақ ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік берді.
3️⃣ Әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті
Мектеп қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде этикалық талаптарды сақтауына қатысты хаттар мен өтініштер талданып, БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау тетіктері қарастырылды.

Кеңеске қатысқан педагогтер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстармен бөлісіп, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған ортақ шешімдер қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *