📘 17.11.2025 жылы күні 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған TEDx форматта ынтымақтастық ашық микрафон пікір алмасуы өтті.
🔹 Мектеп директоры Р.Абдикерова ҰБТ-ға дайындықтың маңызын атап, білім сапасын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
🔹 ДОІЖО А.Тузелбаева 11-сынып оқушыларының тест нәтижелерін талдап, алдағы кезеңге арналған нақты ұсыныстар берді.
Кездесудің ерекше бөлігі – өткен жылғы “Алтын белгі” иегері Т.Сағынбай және “Үздік аттестат” иегері С.Алмасұлы өздерінің дайындық стратегияларымен, уақытты басқару тәсілдерімен және мотивациялық кеңестерімен бөлісіп, оқушыларға зор шабыт сыйлады.
Сонымен қатар кәсіби бағдар беруші әрі мектебіміздің түлегі Ж.Сәкенқызы түлектерге мамандық таңдау, ЖОО-ға құжат өткізу, грант жүйесі және еңбек нарығындағы өзекті бағыттар туралы құнды мәлімет берді.
Кейін оқушылар мен ата-аналар топтарға бөлініп,
«ҰБТ – бір белес пе, әлде шешуші сәт пе?» тақырыбында постер қорғап, өз көзқарастарын білдірді.
Кездесу соңында ата-аналар балаларына арналған жылы тілектерін жазып, «Тілек ағашына» ілді. Бұл – бітірушілерге сенім мен қолдау сыйлаған әсерлі сәт болды. 🌿✨
📚 Үйге тапсырма ретінде ата-ана мен балаға арналған бірлескен “Оқу марафоны” бастау алды. Мақсат – жүйелі дайындық пен ынтымақтастықты нығайту.