10 қараша күні мектебінде 4 және 9-сынып ата-аналарының қатысуымен «Бала тәрбиесі — баршаға ортақ» мазмұнды кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың білім сапасын талқылап, ББЖМ мониторингінің қорытындысымен таныстыру және оқу процесіндегі ата-ананың рөлін арттыру болды.
Мектеп директоры Р.Абдикерова кездесудің жүрісімен таныстырып, ата-аналарға оқу-тәрбие процесіндегі бірлескен еңбектің маңыздылығын атып өтті.
💬 Мектеп психологы А.Төрәлиева оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен ББЖМ-ға дайындық кезеңіндегі ата-ана қолдауының маңызы туралы тренинг өткізді.
📊 ДОІЖО А.Тузелбаева 4 және 9-сынып оқушыларының тест нәтижелерін саралап, білім сапасын арттыру жолдарын ұсынды.
🎭 Шара барысында ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісі сахналанып, бірлік пен ынтымақтың күші көрініс тапты.
🏆 Белсенді ата-аналарға «Шабыт кубогы» табысталып, “Идеялар генераторы”, “Тәрбиенің тірегі”, “Шабыт көзі” сияқты шабытты номинациялармен марапатталды.
Бұл кездесу мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайтып, білім мен тәрбие сапасын арттыруға жаңа серпін берді! 💫