📅 30 қазан күні мектебімізде білім сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы іс-шаралар өткізілді.
Бұл күн — оқушылардың академиялық, шығармашылық және физикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды жұмыстармен ерекшеленді.
🧭 Негізгі бағыттар:
1.Білімдегі олқылықтарды толықтыру сабақтары
2.Кітапханашымен бірлесе ұйымдастырылған оқу марафоны
3.Спорттық-сауықтыру шаралары
4.STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытындағы тәжірибелік жұмыстар