WhatsApp Image 2026-02-13 at 11.14.29

Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, Алаш идеясын қолдаушы, Маңғыстау өңірінің қоғам қайраткері–Тобанияз Әлниязұлына арналған танымдық-тәлімдік шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – Тобанияз Әлниязұлының өмір жолы мен тарихи қызметін таныту, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, азаматтық ұстаным мен ұлттық рухты сіңіру.
Танымдық сағат барысында:
• Тобанияз Әлниязұлы туралы бейнебаян/слайд-презентация ұсынылды;
• Тарихи деректер мен өмірбаяндық баяндама жасалды;
• «Тобанияз тағылымы» атты әдеби-музыукалық кеште оқушылар тарихи тұлғаға арналған өлең шумақтарын, қанатты сөздер мен үзінділерді оқыды;
• Сұрақ-жауап және пікірталас алаңында оқушылар өз ойларын ортаға салды;
• Іс-шара соңында «Ұлт көсемдеріне тағзым» атты кітап көрмесі/стенд таныстырылды.
Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар тарихи сана, елге қызмет ету, ерлік пен әділет жолындағы күрескерлік туралы маңызды ой түйіп, тұлғалық болмысқа жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *