556836869_1114755374103076_3048706458191380911_n
Мектебіміздің мақтанышы- Алтынсарин медалінің иегері
Біздің мектебіміздің ұжымы үшін үлкен қуаныш- ұзақ жылғы еңбегі еленіп ұстаздық жолдағы жоғары жетістіктері үшін Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы Қазақстан Республикасының Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жылдар бойғы ізденіс пен еңбектің, жауапкершілік пен шығармашылықтың нәтижесі. К. Аманқосқызы -өз ісінің майталманы, шәкірт жүрегінен жол таба білетін ұстаз. Ол оқушыларына білім беріп қана қоймай, адамгершілік пен отаншылдық қасиеттерді дарытып келеді.
Оқушылары республикалық, облыстық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындар иеленіп, ұстаз еңбегін абыроймен ақтап жүр.Мұғалімнің еңбегі ұлт болашағына қосқан үлесі. Сондықтан бұл марапат- тек жетістік емес, біздің мектебіміздің де мәртебесін асырған үлкен қуаныш.
Мектебіміздің ұжымы атынан Саржанова Күнімкүл Аманқосқызына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер биік белестер тілейміз.
Құтты болсын, Алтынсарин медалінің иегері!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *