Қазанның бірінші жұлдызы Қарттар күні жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтеді. Аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегіне алғыс білдірудің маңызды мерекесі болып саналатын шараға байланысты іс-шара жоспары жасақталып, бекітілді.
Қарттар – әр отбасының, әр ұжымның, тұтас бір ұлттың даналығы мен тәрбие мектебі. Олардың өткен жолы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Қарттар күні ардагерлер мен зейнет жасындағы адамдарға көңіл бөлу, оларға құрмет көрсету, қамқорлық таныту – әрбір азаматтың борышы.
Қарттар күні барысында өткізілетін іс-шаралардың бәрі – үлкенге құрмет пен ізеттіліктің белгісі. Мерекеге байланысты мектеп директоры Әбдікерова Рыскүл Айладырқызы ұжым атынан өз құттықтауын жолдады.