Президент Жолдауы – Жаңа Қазақстанның нақты қадамы
2025 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын әріптестеріммен мұқият тыңдадым.
Жолдауда еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды бастамаларды жария етті.
Қазақстан азаматшасы ретінде елімізде болып жатқан әрбір өзгеріске бей-жай қарай алмаймын. Елдің әрбір дамуы – менің үмітім, ал әрбір қиыншылығы – менің жауапкершілігім екенін жақсы түсінемін. Президенттің бүгінгі жолдауын асыға күтіп, тың өзгерістерді күттім. Жолдаудағы жаңа кезең – бір палаталы Парламентке көшу болды.Бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетіп, халықпен кері байланысты нығайтады. Парламент жұмысының тиімділігі артып, азаматтардың үнін тікелей жеткізуге жол ашылады.
-Экономиканы әртараптандыру – басты басымдық. Президенттің айтуынша, еліміз тек шикізатқа тәуелді болмауы тиіс. Осы орайда өңдеу өнеркәсібін дамыту, агроөнеркәсіп пен IT саласын қолдау – нақты қолға алынатын бағыттар. Бұл экономикалық тұрақтылықтың негізі болмақ.
— Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Президент бұл салаларда кадр даярлау, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық жобаларға инвестиция тарту қажет екенін атап өтті.
-Әлеуметтік саясат та назардан тыс қалған жоқ. Жастарға, кәсіпкерлерге, білім мен денсаулық саласына берілетін қолдаулар – ел болашағына жасалған инвестиция. Шағын және орта бизнесті қолдау – жаңа жұмыс орындарының көзі әрі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам.
-Әділетті Қазақстан құру – жай ұран емес, нақты іс. Президенттің бастамалары – әділдік пен тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам қалыптастыруға бағытталған.
Бұл Жолдау – тек уәде емес, еліміздің болашағын нақтылайтын, терең жоспарланған даму стратегиясы. Ендігі міндет – осы айтылған бастамаларды сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асыру. Президент бастамаларын қолдаймын.
