Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай әнұран шырқалып, “Республикам-мақтанышым” тақырыбында тәрбие сағаты және мектеп оқушыларына сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.